Accessibility links

Гитлер жайлы жазған журнал сотында жарыссөз өтті


Сот залынан шығып тұрған "Жұлдыздар отбасы, Аңыз адам" журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай. Алматы қаласы, 27 маусым 2014 жыл.

Сот залынан шығып тұрған "Жұлдыздар отбасы, Аңыз адам" журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай. Алматы қаласы, 27 маусым 2014 жыл.

Бүгін Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Гитлер туралы мақалалар жариялаған "Жұлдыздар отбасы - Аңыз адам" журналының үстінен бір топ адамның түсірген шағымы бойынша өтіп жатқан сотта жарыссөз өтті. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сот үкімі 30 маусымда оқылады.

Осы айдың басында өздерін "Ұлы Отан соғысы ардагеріміз" деп сипаттаған 10 адам "Жұлдыздар отбасы - Аңыз адам" журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбайдың үстінен сотқа шағым түсірген еді. Арызданушылар журнал Адольф Гитлерді "жақсы жағынан сипаттап, фашизмді насихаттады" деп санайды. Арыз иелері Жарылқап Қалыбайдың соғыс ардагерлері алдында жария түрде кешірім сұрауын және шағымданушы 10 адамның әрқайсысына 5 миллион теңгеден - жиыны 50 миллион теңге төлеуін талап етеді.

Қазақ тілінде шығатын, 25 мың данамен тарайтын "Жұлдыздар отбасы - Аңыз адам" журналы сәуір айындағы санында нацистер көсемі Адольф Гитлер туралы мақалалар жариялаған соң дауға қалған еді.

XS
SM
MD
LG