Accessibility links

Кремль: Путин кеңесшісінің Порошенко туралы пікірі жаңсақ


Ресей президентінің аға кеңесшісі Сергей Глазьев.

Ресей президентінің аға кеңесшісі Сергей Глазьев.

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президенттің аға кеңесшісі Сергей Глазьевтің Украина президенті Петр Порошенконы "нацист" деп атауы Кремльдің ресми ұстанымын білдірмейді деп мәлімдеді.

"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Песков Глазьевтің пікірі Ресей үкіметінің "ресми ұстанымын көрсетпейді" деген.

BBC-де 27 маусымда шыққан сұхбатында Сергей Глазьев Порошенконың Еуропа Одағымен еркін сауда келісіміне қол қоюын "дәл өзінің легитимсіз президент болып сайлануы сияқты заңсыз" деп атаған. Оның айтуынша, Порошенконы сайлауда Украинаның шығысындағы аймақтардың тұрғындары дауыс берген жоқ.

Порошенко 27 маусымда Брюссельде ЕО-мен еркін сауда келісіміне қол қойған. 21 наурызда Киев пен ЕО серіктестік келісімінің саяси бөлігіне қол қойған. Ресей Украинаның ЕО-мен келісім жасасуына ашық қарсы.

Глазьев сұхбатында Еуропа елдерінің "Киевті келісімге күштеп қол қойдырмақ" екенін, "Украинада төңкеріс ұйымдастырып, билікке нацистерді әкелгенін" айтқан. Путиннің кеңесшісі BBC тілшісінің "Порошенконы нацист деп санайсыз ба?" деген сұрағына "иә" деп жауап берген.

XS
SM
MD
LG