Accessibility links

Порошенко: Уақытша бітім ұзартылмайды


Украина президенті Петр Порошенко. Брюссель, 27 маусым 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко. Брюссель, 27 маусым 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко Украинаның шығысында атысты уақытша тоқтату режимін ұзартпайтынын және украин армиясы ресейшіл сепаратистерге қарсы шабуылды қайта бастайтынын мәлімдеді.

Атысты бір жақты түрде уақытша тоқтату Порошенконың қақтығысты тоқтату туралы жоспарының бір бөлігі болған. Уақытша бітім режимі 30 маусымда аяқталған.

Президент сайтында жарияланған мәлімдемеде бітімнің аяқталғаны айтылып, "Біз шабуылдай береміз және елімізді азат етеміз" делінген. Мәлімдеме Порошенко Украинаның күштік құрылымдары басшыларымен кездесуінен соң жарияланды.

Бұған дейін Порошенко Ресей, Германия және Франция басшыларымен телефон арқылы сөйлесіп, сепаратистердің бітім шартын "орындамағанын айтқан". Франция билігі Порошенко мен Ресей президенті Владимир Путин қақтығысты тоқтату және шекарада бақылауды дереу қалпына келтіру мақсатында бірлесе жұмыс істеуге келіскенін хабарлаған.

Сепаратистер де, Украина армиясы да уақытша бітім шартын бірнеше рет бұзған.

XS
SM
MD
LG