Accessibility links

Жамбыл облысында жүк пойызы жолдан шығып кетті


Рельстен шығып кеткен пойыз. Оңтүстік Қазақстан облысы, 5 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет).

Рельстен шығып кеткен пойыз. Оңтүстік Қазақстан облысы, 5 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет).

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі "Жамбыл облысының Шақпақ станциясында пойыздың бес жүк вагоны рельстен шығып кетіп, төрт пойыздың қозғалысына кедергі келтірді" деп хабарлады.

Министрлік дерегіне қарағанда, оқиға 30 маусым күні түс кезінде болған. Жүк пойызы Жамбыл станциясынан Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас станциясына сапарға шыққан. Сол күні кешке қарай зақымданған вагондар жолдан алынып, бөгелген Көкшетау-Қызылорда жолаушылар пойызы мен Семей-Арыс және Ақтоғай-Арыс жүк пойыздары жүрістерін жалғастырған. Төтенше оқиғадан ешкімнің денсаулығына зиян келмеген.

XS
SM
MD
LG