Accessibility links

Азиада қаржысына қатысты іс сотқа жіберілді


Алматы мен Астанада өткен жетінші
қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты. Алматы, 27 қаңтар 2011 жыл. (Көрнекі сурет).

Алматы мен Астанада өткен жетінші қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты. Алматы, 27 қаңтар 2011 жыл. (Көрнекі сурет).

Алматының қаржы полициясы баспасөз қызметі "2011 жылғы қысқы Азия ойындары кезінде жымқырылған қаржыны заңдастыруға байланысты қылмыстық істің тергеуі аяқталып, сотқа жіберілді" деп хабарлады.

Іс бойынша "2011 жылғы 7-Азия ойындарының ұйымдастыру комитеті атқарушы дирекциясының" бұрынғы бастығы Айдар Мусин "алаяқтық жасады", "қаржыны заңдастырды" және "кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты" деген күдікке ілінген. Тергеу деректері бойынша, Мусин 2009 жылдан 2010 жылға дейін "Q Service" фирмасын заңсыз басқарған, Азиада-2011 нысандарының телекоммуникациялық құрал-жабдықтарын монтаждау жұмыстарын орындауға келісім жасасқанда осы фирмаға жеңілдіктер берген.

Қаржы полициясы "тергеушілер Азиада-2011 ойындарына дайындық кезінде 800 миллион теңге көлемінде бюджет қаржысы жымқырылғанын, оның бір бөлігіне Мусин қымбат жылжымайтын мүлік пен пен көліктер алғанын анықтады" дейді.

XS
SM
MD
LG