Accessibility links

Францияның экс-президенті Николя Саркози ұсталды


Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози.

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози.

Францияның экс-президенті Николя Саркози "қызмет өкілетін теріс мақсатта пайдалану" ісі бойынша тұтқындалды. Батыстық ақпарат агенттіктері "тергеушілердің Саркозиді бүгін, яғни 1 шілде күні Париждің батысындағы Нантер қаласына апарғанын" хабарлайды.

BBC ақпаратына қарағанда, Францияда бұрын-соңды экс-президент қамауға алынып көрмеген.

30 маусым күні Саркозидің адвокаты жасырын ақпарат алу мақсатында судьяға қысым жасау әрекетімен байланысты тергеуге алынған.

Саркозиге қатысты іс 2007 жылы "Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафи Саркозидің сайлау кампаниясын қаржыландырды" деген күдікпен қозғалған. Николя Саркози қамауда екі күн болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG