Accessibility links

Ердоған Түркия президенті сайлауына түспек


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған.

Түркияның басқарушы Әділет және даму партиясы премьер-министр Режеп Тайып Ердоғанның тамыз айында өтетін президент сайлауына түсетінін жариялады.

Партия төрағасының орынбасары Мехмел Әли Шахин Анкарада өткен партия съезінде қатысушылардың барлығы президенттікке Ердоғанның кандидатурасын ұсынуды қолдағанын айтты.

Премьер-министр қызметін 11 жылдан бері атқарып келе жатқан Ердоғанның беделі үкіметтегі коррупциялық жанжалға қарамастан әлі де жоғары. Ердоғанның тұсында Түркия экономикасы жақсы дамығанымен, оны кейінгі кездері биліктегі кейбір авторитарлық тактикалары үшін сынайтындар да бар.

Әділет және даму партиясының ережесі бойынша, Ердоған енді қайтадан премьерлікке түсе алмайды.

Қазіргі президенті Абдулла Гүлдің қызметтік мерзімі 28 тамызда аяқталады. Ол бұған дейін президенттікке қайтадан сайлану ниеті жоғын білдірген.

XS
SM
MD
LG