Accessibility links

Украинада сепаратистермен ұрыс қайта жалғасты


Луганск облыстық әкімшілігі алдындағы ресейшіл сепаратистердің блокпосты. 30 маусым 2014 жыл.

Луганск облыстық әкімшілігі алдындағы ресейшіл сепаратистердің блокпосты. 30 маусым 2014 жыл.

Украинаның шығысында украин әскерилерінің ресейшіл сепаратистерге қарсы шабуылы 1 шілдеде қайта басталды.

Донецк түбіндегі Карловка селосында танктер қатысқан ұрыс жүріп жатыр. Әскери емес, жай көліктер Донецкіге қайтып жатыр. Куәгерлер мен ақпарат құралдары Карловкаға кіреберісте өзін өзі жариялаған Донецк халық республикасының "Восток" батальонының жасақтары бар төрт жүк көлігі тұрғанын хабарлайды.

Донецк халық республикасы өкілдерінің айтуынша, Снежный қаласының түбінде сепаратистер зениттік пулеметпен Украинаның әскери ұшағын атып түсірген. Бірақ бұл ақпаратты әзірге украин жағы растай қойған жоқ.

Сепаратистерге қарсы антитеррористік операцияны хабарлау тобының өкілі Алексей Дмитрашковский сепаратистер жаппай украин әскерилері жағына өтіп жатқанын және әскери қимылдар жүріп жатқан аймақтардан шығу үшін "дәліз" құруды сұрағанын айтады.

Луганск облысының "Донецк" - "Изварино", "Краснопартизанск" - "Гуково" шекара пунктері маңында таңертеңнен бері ұрыс жүріп жатыр. Украина Ұлттық гвардиясы сепаратистерге шабуылдаған. Ресейлік шекарашылар ұрыстан қашықтау аймаққа жылжыған.

Бұған дейін "ақпараттық қарсыласу" тобының жетекшісі Дмитрий Тымчук Facebook-тегі парақшасында Краматорск қаласында украин әскерилері бекінген әуежайдың минометтен атқыланып, бір әскеридің жараланғанын хабарлаған.

Украина президенті Петр Порошенко 30 маусымда Донецк мен Луганск облыстарында уақытша бітім режимі аяқталып, шабуылдар қайта басталатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG