Accessibility links

«Аңыз Адам» журналының соты


30 маусым күні Алматының Алмалы аудандық соты Гитлер жайлы материал басып, дауға қалған «Жұлдыздар отбасы - Аңыз Адам» журналының ісі бойынша шешім шығарды. Судья Әсет Боранбаев журнал редакторы Жарылқап Қалыбайды оның үстінен шағымданған 13 адамның әрқайсысына 1 миллион теңгеден - жиыны 13 миллион теңге төлеуге және екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінен жария түрде кешірім сұрауға міндеттеді. Осы айдың басында өздерін «Ұлы Отан соғысы ардагеріміз» деп сипаттаған 13 адам «Жұлдыздар отбасы - Аңыз адам» журналын Адольф Гитлерді «жақсы жағынан сипаттап, фашизмді насихаттады» деп кінәлап сотқа шағым түсіріп, басылым редакторынан шағымға қол қойған әр адамға 5 миллион теңгеден өндіртіп алуды сұраған еді. Қалыбай айыппен келіспейді, қарсы шағым бермекші.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG