Accessibility links

Грузияның экс-президенті Шеварднадзе қайтыс болды


Грузияның бұрынғы президенті Эдуард Шеварднадзе.
Грузияның бұрынғы президенті Эдуард Шеварднадзе.

Грузияның бұрынғы президенті Эдуард Шеварднадзе 86 жасында Тбилисиде қайтыс болды деп хабарлады оның баспасөз қызметі.

1972 жылы Грузин ССР компартиясы орталық комитеті (ОК) төрағасы болған Эдуард Шеварднадзе 1985 жылы КПСС ОК саяси бюросына мүше болды.

СССР сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалған Шеварднадзе Мәскеудің Совет Одағында демократиялық қозғалыстарды басып тастамауында маңызды роль атқарды.

Эдуард Шеварднадзе 1995 жылы Грузия президенті болып сайланып, 2000 жылы бұл міндетті екінші рет атқарып, 2003 жылғы революция кезінде қызметінен кетірілді.

XS
SM
MD
LG