Accessibility links

Донецк облысында көпір жарылды


Украина әскері. Донецк, 3 шілде 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Украина әскері. Донецк, 3 шілде 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Украинаның шығысындағы Донецк облысының Закатное ауылында Северский Донец өзеніндегі көпірді белгісіз біреулер жарып жіберді. Жарылыстан көпір қирап, көлік қозғалысы тоқтап қалды.

4 шілдеде Луганск облысында да Северский Донецк өзеніндегі көпір жарылған еді.

Украина қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери саперлер сепаратистерден босатылған Донецк және Луганск облыстарындағы жол, көпір, ғимараттарды миналардан тазартып жатыр. Аймақта бір тоннадан астам жарылғыш, мыңдаған снаряд пен оқ-дәрі залалсыздандырылған.

Дүйсенбіге қараған түні қарулы сепаратистер Амвросиевка және Рубежное ауылдарындағы украин әскері тұрағын, «Довжанский» шекаралық өткізу пунктін атқылаған. Кременная қаласы маңындағы шабуылдан бір украин әскері жараланған.

XS
SM
MD
LG