Accessibility links

Тәжікстан: Сирияда соғысқандарға рақымшылық жасалады


Сирияда соғысып жүрген Тәжікстан азаматтары туралы видео.
Сирияда соғысып жүрген Тәжікстан азаматтары туралы видео.

Тәжікстанның Соғды облысының прокуроры Шариф Курбанзода "Сириядағы көтерілісшілер жағында соғысып жүрген тәжікстандықтарға елдеріне оралған жағдайда рақымшылық жасалатынын" мәлімдеді.

Журналистер алдында сөйлеген Курбанзода Сирия территориясындағы тәжік азаматтарын "қаруларын тастап, Тәжікстанға қайтуға" шақырды. Оның айтуынша, егер олар ауыр қылмыстар жасамаған болса және экстремистік ұйымдардың қатарына кірмесе, онда рақымшылық жасалып, ел үкіметі олардың "бейбіт өмірге қайта оралуына" жағдай жасайды.

Деректерге қарағанда, Сирияда Орталық Азия елдерінен шыққан жүздеген адам соғысып жүр. Тәжікстан үкіметінің дерегінше, Сириядағы қақтығыстардан 2013 жылы кемінде екі тәжікстандық қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG