Accessibility links

Украина: Луганск мен Донецк қоршауға алынады


Жарылыстан қираған теміржол рельсі. Донецк облысы, 7 шілде 2014 жыл.

Жарылыстан қираған теміржол рельсі. Донецк облысы, 7 шілде 2014 жыл.

Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі төрағасының орынбасары Михаиль Коваль украин әскері ресейшіл сепаратистер бекінген Луганск мен Донецкіні толық қоршауға алатынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, әскерилер осылайша сепаратистерді қаруларын еріксіз тастауға мәжбүрлемек. Сепаратистер кез-келген қоршауға алу әрекеті "қақтығысты саяси жолмен шешу үмітін күйретеді" деп мәлімдеді. Олар Украина армиясы бұған дейін бекінген Славянск қаласын алған соң бар күшті Донецк мен Луганскіге шоғырландыратындарын айтқан.

Өзін өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" губернаторы Павел Губарев "нағыз партизандық соғыс басталатынын" ескертті. 7 шілде күні түскен ақпараттар бойынша, Донецкіде жарылыстардан қалаға баратын үш көпір қираған. Жарылыстарды сепаратистер жасады деген болжам бар.

XS
SM
MD
LG