Accessibility links

Тәжаяқов ісі бойынша тыңдау басталды


Диас Қадырбаев (сол жақта) пен Азамат Тәжаяқов федеральдық сотта тұр. Бостон, 1 мамыр 2013 жыл.

Диас Қадырбаев (сол жақта) пен Азамат Тәжаяқов федеральдық сотта тұр. Бостон, 1 мамыр 2013 жыл.

Массачучетс сотында 7 шілдеде қазақстандық бұрынғы студент, Бостон марафоны кезіндегі жарылыс бойынша тергеуді шатастырмақ болды деп айыпталған Азамат Тәжаяқовтың ісі бойынша сот тыңдауы жалғасты.

Азамат Тәжаяқовқа байланысты сот процесі – 2013 жылы сәуірдің 15-інде Бостон марафоны кезінде болған, үш адамды мерт етіп, 260-тай адамды жаралаған жарылысқа қатысты істердің бірі. Терактіні ұйымдастырды деген басты күдік Қырғызстанда туып, АҚШ-та өскен Джохар Царнаевқа таңылған.

Айыптаушылардың пікірінше, терактіден үш күннен соң Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев Царнаевтың жатақханасына барып, жарылғыш заттар мен компьютер салынған рюкзакты шығарып тастаған. Тергеушілер олар бұл әрекетті Федералдық тергеу бюросының Царнаевтың суретін жарылысқа күдікті деп таратқанын біле тұра істегенін айтады.

Кейін рюкзак қоқыс жәшігінен табылған. Прокурор Тәжаяқов пеғн Қадырбаев осы әрекеті арқылы айғақ заттарды жасырып, тергеуді жаңылыстырмақ болды дейді.

Тәжаяқовтың қорғаушысының пікірінше, рюкзакты Тәжаяқов емес, Қадырбаев жасырған. Адвокат Тәжаяқов Царнаевқа көмектескісі келмеген және ол тергеушілердің барлық сұрақтарына шынайы жауап берген дейді. Оның айтуынша, Тәжаяқов пен Қадырбаев Царнаевтың бөлмесіне марихуананы алып кетуге барған. Бұл іс бойынша алқа билер соты қарашада басталуы тиіс.

Тәжаяқов пен Қадырбаев айыптары дәлелденсе 25 жылға лейін сотталуы мүмкін. Прокурорлар Царнаевқа өлім жазасын сұрайды.

XS
SM
MD
LG