Accessibility links

Қырымға саяхат Германия визасына кедергі емес


Қазақстандықтардың Қырымға баруы олардың Германияға виза ашуға өтініш беруіне әсер етпейді деп хабарлады 8 шілдеде осы елдің Қазақстандағы елшілігі.

Бұған дейін Украинаның Қазақстандағы елшілігі Қазақстан азаматтары Қырымға Ресей жағынан барған жағдайда бірнеше жыл бойы Украинаға кіре алмайтынын және олардың Шенген аймағына, АҚШ пен Ұлыбританияға виза алуын қиындататынын мәлімдеген.

Германия елшілігінің хабарлауынша, дипломатиялық өкілдік визаны тек Шенген аймағы елдерінің виза кодексінің нормалары мен шетел азаматтарының елге келуі туралы мемлекеттік ережелеріне сай ашады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG