Accessibility links

Ресей: Украинаның қарызы 5 миллиард доллардан асты


"Газпром" басшысы Алексей Миллер.

"Газпром" басшысы Алексей Миллер.

Ресейдің мемлекеттік "Газпром" компаниясының мәлімдеуінше, маусым айының алғашқы жартысында жаққан газының ақшасын төлемегендіктен, Украинаның газға қарызы 838 миллион еуроға көбейіп, 5.3 миллиард АҚШ долларына жетті.

"Газпром" сәуір айынан бастап Украинаға сататын газдың мың текше метрін 485 АҚШ доллары деп бағалап отыр. Бірақ Киев қарызды "485 АҚШ доллары емес, 326 АҚШ доллары деген бағамен төлеуге дайын екенін" айтады.

16 маусым күні "Газпром" "Киев алатын газының ақшасын алдын ала төлесін" деп, Украинаға газ беруді тоқтатқан.

Компания басшысы Алексей Миллер "Ресейдің берілетін газдың ақшасын алдын-ала төлеуді талап еткені - мәселені шешудің бірден-бір дұрыс жолы болғанын" айтқан.

XS
SM
MD
LG