Accessibility links

Украина Ресейден ұшқышын босатуды талап етті


Украиналық ұшқыш Надежда Савченко.

Украиналық ұшқыш Надежда Савченко.

Украинаның қорғаныс министрлігі украиналық ұшқыш Надежда Савченконың Ресейге әкетілгеніне наразылық білдіріп, Мәскеуден оны дереу босатуды талап етті.

Надежда Савченконы өткен айда Луганск облысында ресейшіл сепаратистер ұрлап әкеткен еді. Украина ақпарат құралдарының хабарлауынша, Савченко қазір Ресейдің Воронеж облысындағы тергеу изоляторларының бірінде отыр. Ол ресейлік журналисті өлтірді деген күдікке ілінген. Савченконың әпкесі оған қатысты бүгін, 9 шілдеде алғашқы сот отырысы өтетінін хабарлаған.

Еріктілердің "Айдар" батальоны құрамына кіретін 31 жастағы Надежда Савченконы Луганск облысының Счастье қаласында сепаратистер ұрлап әкеткен. Оны босату туралы келіссөздерден нәтиже шыққан жоқ.

Киев Мәскеуден Надежда Савченконы босатып, оның Ресейге әкетілуін тексеруді, жауаптыларды жазалап, ұшқышқа Украина консулын жолықтыруды талап етеді.

XS
SM
MD
LG