Accessibility links

Сноуден Ресейден уақытша тұру мерзімін ұзартуды сұрады


АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден.

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден.

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден Ресейдің федералдық миграция қызметіне өзінің осы елде тұру рұқсатын ұзартуын сұрап, өтініш білдірді.

Бұл жайында хабарлаған Сноуденнің адвокаты Анатолий Кучерена оның Ресейде бір жыл тұруға берілген рұқсаты 31 шілдеде аяқталатынын айтты. Бірақ ол Сноуденнің саяси баспананың нақты қандай түрін сұрағанын ашып айтпады.

Сноуден өткен жылдың маусым айынан бері Ресейде тұрып келеді. Ол өткен жылы жазда АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің америкалықтарға, шетел басшыларының электронды байланыстары мен телефондарына тыңшылық жасайтын құпия бағдарламасы барын әшкерелеген. Бұдан соң АҚШ-та Сноуденнің үстінен іс қозғалып, Вашингтон Ресейден оны қайтаруды талап еткен.

XS
SM
MD
LG