Accessibility links

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы атыс болды


Қырғыз-тәжік шекарасындағы атыста жараланған Тәжікстан азаматы. 10 шілде 2014 жыл.
Қырғыз-тәжік шекарасындағы атыста жараланған Тәжікстан азаматы. 10 шілде 2014 жыл.

Қырғызстан-Тәжікстан шекарасында бүгін тағы да атыс болып, тәжікстандық екі азамат жараланды деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігі. Бұл ақпаратты Тәжікстандағы тәуелсіз ақпарат құралдары да растады.

10 шілдеде Қырғызстан территориясындағы Ворух тәжік анклавында қырғыз шекарашылары мен жергілікті тұрғындар арасында жанжал туған еді. Жанжал қырғыз және тәжік шекарашылары арасында атысқа ұласып, Тәжікстанның бір азаматы қаза тапқан. Жеті адам, оның ішінде тәжік шекарашысы жараланған.

11 шілде күні таңертең Ворух анклавының тұрғындары жергілікті биліктен өздерін қорғауды талап етіп, шағын митинг өткізген. Бірақ митинг қырғыз шекарашылары тарапынан оқ атуға ұласып, екі адам сол кезде жараланған.

Ресми Душанбе шекарадағы жанжалға қырғыз шекарашылары жауапты дейді. Бірақ Бішкек Тәжікстан азаматтары арандатты дейді.

Екі ел вице-премьерлері жағдайды тұрақтандыру үшін келіссөздер жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG