Accessibility links

"Украина серіктестігін" ЕО Ресеймен кеңеспек


Украина президенті Петр Порошенко Еуропа Одағының кезекті жиынында жүр. Брюссель, 27 маусым 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко Еуропа Одағының кезекті жиынында жүр. Брюссель, 27 маусым 2014 жыл.

ЕО, Ресей және Украина Киевтің Еуропа Одағымен жасасқан "Серіктестік келісімі" бойынша пікір алмасатын, тиісті шаралар туралы кеңесетін болды.

Өйткені, Украина мен ЕО арасында өткен айда қол қойылған еркін сауда және саяси әріптестік туралы келісімді Ресей өз мүдделеріне қатер төндіреді деп санайды. Сондықтан енді үш тарап - ЕО, Украина, Ресей кеңесу тетіктерін жасамақ.

Ол кеңесу тетіктерінің аясында Ресей нақты проблемалар мен экономикасына келетін қауіп-қатер тізімін көрсетеді. Үш тараптың сарапшылары жаз бойы ол тізімді талқылап, позицияларды жақындатуға тырысып көреді.

Бұл жұмыстың қорытындысы 1 қыркүйек күні жарияланбақ. Ал 12 қыркүйек күні үш елдің жоғары лауазымды өкілдері Брюссельге жиналып, шешілмей қалған мәселелерді талқылайды.

XS
SM
MD
LG