Accessibility links

Путин Латын Америкасымен байланыс күшейтпек


Ресей президенті Владимир Путинді күтіп алған құрметті қарауыл. Куба, 11 шілде 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путинді күтіп алған құрметті қарауыл. Куба, 11 шілде 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин алты күндік сапармен Латын Америкасы елдерін аралап жүр. Ол жоспарынан тыс Никарагуада аялдап қалды.

Никарагуа президенті Даниэль Ортега 12 шілде күні Путинді Манагуа әуежайынан күтіп алды.

Мәскеу мен Манагуа арасында 1980-жылдардан соң байланыс болмаған. Путин Манагуаға Гаванадан келді. Гаванада ол Куба президенті Рауль Кастромен кездескен еді. Кастро мен Путин ондаған келісімдерге қол қойды. Оның ішінде екі ел жағалауда мұнай бар ма, жоқ па - Куба мен Ресей бірге барлайтын болды. Путин 87 жастағы Кубаның зейнеттегі лидері Фидель Кастромен кездесті.

Путин Аргентинаға да барады. Ол БРИКС елдерінің саммитіне қатысып қайтпақ.

XS
SM
MD
LG