Accessibility links

Ирак күрдтері орталық үкіметпен қатынасты тоқтатты


Күрдістан автономиясының парламенті. (Көрнекі сурет)

Күрдістан автономиясының парламенті. (Көрнекі сурет)

Ирак күрдтері орталық үкіметтегі қызметтерін атқарудан бас тартты.

Осының алдында Ирак премьер-министрі Нури әл-Малики "күрдтер сүннит содырларын астыртын қолдап отыр" деп күрд саясаткерлерін айыптаған еді.

Ирактың сыртқы істер министрі Хошияр Зибари (күрд) 11 шілде күні "күрдтердің орталық үкіметтің күнделікті жұмысына қатыспайтынын" мәлімдеді.

Ирак құрамындағы Күрдістан автономиясының аймақтық үкіметі 11 шілде күні күрд әскерінің Киркук маңындағы екі мұнай кенішін қарауына өткізгенін хабарлады.

Бағдаттағы мұнай министрлігі автономиялық Күрдістан билігінің бұл әрекетін "конституцияны, ұлттық бірлікті бұзу" деп айыптады. Ирактың шиит діни қызметкері аятолла Әли Систани "Ирак халқын содырлармен күресте саясат пен діни ерекшеліктерге қарамастан бірігуге шақырды".

XS
SM
MD
LG