Accessibility links

ЕО Украинадағы сепаратистерді санкцияға қосты


"Донецк халық республикасының" "премьер-министрі" Александр Бородай. Донецк, 10 шілде 2014 жыл.

"Донецк халық республикасының" "премьер-министрі" Александр Бородай. Донецк, 10 шілде 2014 жыл.

Еуропа Одағы (ЕО) санкциялардың кеңейтілген тізіміне өздерін өзі жариялаған Донецк және Луганск "халық республикаларының" өкілдерін де енгізді. Бұл туралы ЕО ресми журналы жариялады.

Жаңа санкциялар 11 адамға салынды. Олардың ішінде "Донецк халық республикасының" "премьер-министрі" Александр Бородай мен өзін өзі жариялаған осы сепаратистік құрылымның қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Ходаковский бар. Тізімге "Луганск халық республикасының" өкілдері де енгізілген.

Бұл шаралар туралы 11 шілде күні ЕО кеңесі де хабарлады. Ресей Қырымды қосып алғаннан кейін жариялаған ЕО санкцияларына осымен 72 адам ілінді.

XS
SM
MD
LG