Accessibility links

Израиль Газа секторын атқылады


Газа секторында жүрген Израиль солдаттары. 12 шілде 2014 жыл.

Газа секторында жүрген Израиль солдаттары. 12 шілде 2014 жыл.

Израиль арнайы жасағы ХАМАС қарулы тобымен Газа секторының солтүстігінде соғысып жатыр. Израиль әскерилері төрт сарбазының жеңіл жараланғанын айтады. Газа секторына жасалған рейдтің мақсаты Израильге қарай атылған зымырандардың шебін анықтау болған.

Жақында Израиль үкіметі "Газа секторынан атылатын зымырандардан қорғанудың қосымша шараларын жасайтынын" хабарлаған еді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі палестиналықтар мен израильдіктерді қақтығысты тоқтатуға шақырды.

Өткен түнде Израиль ұшақтары палестиналықтардың әскери нысандарын атқылады. Палестинаның ресми өкілі "бір әйел мен үш жасар қыздың қаза тапқанын" хабарлады. Кейінгі алты күндде Палестина тарапынан 149 адам, негізінен бейбіт тұрғындар опат болды.

XS
SM
MD
LG