Accessibility links

Ресей мен Аргентина энергетикалық келісім жасасты


Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин мен Аргентина президенті Кристина Киршнер екі елдің энергетика саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойды. «Росатом» Аргентинада салынатын электр станциясының екі энергиялық блогының құрылысына қатысады.

Аргентина территориясында мұнай мен тақтатас газының ірі кеніштері бар. Кристина Киршнер ханым "Ресей делегациясын тақтатас газы кенішінің біріне апаратындарын" айтты.

Ресей президенті Буэнос-Айрестен БРИКС елдерінің саммиті өтетін Бразилияға аттанады. Бұл ұйымның мүшелері: Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка республикасы. Бразилияға барған соң Путин сонда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының финалын көрмек. Сол жерде ол Германия канцлері Ангела Меркельмен кездеседі. Меркель де финалдық матчты көруге барады.

Путин Латын Америкасы елдерін аралауға 11 шілде күн аттанған еді. Бұған дейін ол Куба мен Никарагуада болды.

XS
SM
MD
LG