Accessibility links

Махмуд Аббас БҰҰ-дан жәрдем сұрады


Рафах қаласындағы жарылыс. Газа секторы, 8 шілде 2014 жыл.
Рафах қаласындағы жарылыс. Газа секторы, 8 шілде 2014 жыл.

Палестина автономиясының жетекшісі Махмуд Аббас өз халқы «халықаралық қорғанышқа» мұқтаж екенін айтып Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) жүгінді. Ол Газа секторындағы жағдайды «адам төзгісіз» деп атады. Ол жерде Израиль әскери әуе күштерінің соққысы салдарынан кемінде 160 адам, негізінен бейбіт тұрғындар қаза болғаны туралы хабарланды.

Аббас БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның атына жолдаған хатында «Палестина мемлекетін ресми түрде халықаралық қорғаныш жүйесіне енгізіп, шұғыл түрде жағдайды бақылайтын комитет құруға» шақырған. Палестина лидері Газа секторын жаппай бомбалау оқиғаларына тексеру жүргізу қажеттігін айтады. Тель-Авив өзіне қарсы зымыран атылуына жауап ретінде Газа секторына әуеден соққылар берген еді.

Кейбір деректер бойынша, Израильдің соққылары салдарынан қаза тапқан палестиналықтар саны 166 адамға жеткен, мыңнан аса адам жараланған.

XS
SM
MD
LG