Accessibility links

Джон Керри Джавад Зарифпен кездесті


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта) Иранның ядролық бағдарламасы бойынша делегациясының басшысы Мохаммад Джавад Зарифпен (сол жақта) кездесті. Вена, 14 шілде 2014 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта) Иранның ядролық бағдарламасы бойынша делегациясының басшысы Мохаммад Джавад Зарифпен (сол жақта) кездесті. Вена, 14 шілде 2014 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Иранның ядролық бағдарламасы бойынша делегациясының басшысы Мохаммад Джавад Зарифпен бүгін Венада кездесіп жатыр.

Азаттықтың Иран қызметіне АҚШ мемлекеттік департаменті өкілінің хабарлауынша, Керри Тегеранның Батыспен келісімге қол жеткізуге деген ниетінің адалдығына баға беру үшін «қажетті уақыт бөлуге дайын».

Бұған дейін Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерде Тегеран делегациясын қажетті шарттарға көндіре алмаған соң Ұлыбритания, Франция және Германия сыртқы істер министрлері Венадан қайтқан еді. Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уильям Хейг келіссөздерде шешуші қадам жасау талпыныс нәтижесіз аяқталғандықтан, уранды байыту мәселесіне байланысты батыс мемлекеттері мен Иран арасында «шыңырау» қалып отырғаны туралы мәлімдеген.

АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия Иранды уранды байыту бағдарламасынан бас тартуға көндіруге тырысып келеді. АҚШ және өзге батыс елдері мұндай бағдарламаның көмегімен Иран ядролық қару жасауға ұмтылады деп күдіктенеді. Бірақ Тегеран ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатқа құрылған деп, оны жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG