Accessibility links

Израиль мен Газа секторы арасында атыс тоқтамай отыр


Зымыран атысын бақылап тұрған Израиль тұрғындары. Сдерот, 12 шілде 2014 жыл.

Зымыран атысын бақылап тұрған Израиль тұрғындары. Сдерот, 12 шілде 2014 жыл.

БҰҰ мен Еуропа Одағының атысты тоқтатуға шақырған үндеуіне қарамастан, Израиль мен Газа секторы арасында зымыран соққылары жалғасып жатыр.

Палестин билігінің айтуынша, өткен жеті күн ішінде Израиль әскери әуе күштерінің шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 173 адамға жеткен. Мерт болғандардың көпшілігі – бейбіт тұрғындар деп хабарланды. Газа секторында 17 мыңға жуық адам баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған. Палестина жағынан атылған зымыран салдарынан Израиль азаматтары арасында жараланғандар бары айтылады, бірақ қаза тапқандар жоқ.

Еуропа Одағы бұл жанжалды реттеу жоспарын жасап жатқанын мәлімдеді. Израильдің өзін өзі қорғауға құқығы бар, бірақ «ұстамдылық танытқаны жөн» деді Франция президенті Франсуа Олланд.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі де Газа секторындағы атысты тоқтатуға шақырды.

XS
SM
MD
LG