Accessibility links

Астанада Саят Шаяхметовтің соты басталды


Бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов.
Бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов.

Бүгін Астанадағы Алматы аудандық 2-сотында Қазақстанның бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовтің ісі бойынша сот процесі басталды.

Қазақстан қаржы полициясы былтыр сәуір айында «Өскемен қаласында 700 орындық кәсіптік орталық салу кезінде қызмет бабын пайдаланып аса ірі көлемде бюджет қаржысын – бір миллиард теңгеден асатын ақшаны жымқырған» деген айыппен Шаяхметовтің үстінен қылмыстық іс қозғаған еді.

Бүгінгі сотта прокурор тағылған айыпты жария еткен соң Саят Шаяхметов оны мойындамайтынын мәлімдеді.

Бұл іс бойынша тағы екі адам – «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің құрылыс нысандары дирекциясы» бас директоры Александр Пак және «ЗАК Сервис» компанисының бұрынғы директоры Роман Киреев бүгінгі сотқа айыпталушы ретінде қатысып отыр.

Саят Шаяхметов Стамбул университетін тәмамдаған соң Қазақстан білім және ғылым министрлігіне қарасты экономика және қаржы департаментінің мемлекеттік сатып алу және меншік бөлімі маманы болып қызметін бастаған. Кейін ол Қазақ мемлекеттік университетінде проректор, Қазақ ұлттық университетінің Астанадағы өкілдігі жетекшісі, білім және ғылым министрлігінің комитет төрағасы орынбасары болған.

2011 жылы қазанда Қазақстан білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалған Шаяхметов былтыр қылмыстық іс қозғалған кезде «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» қызметінен босатылған. Сотқа дейін ол үйқамақта болды.

XS
SM
MD
LG