Accessibility links

Әлемде СПИД-тен қайтыс болғандар саны азайды


ВИЧ дертіне шалдыққан бүлдіршін СПИД-ке қарсы күрес белгісінің суретін салып отыр, «Ана мен бала» орталығы, Шымкент, 30 қараша, 2010 жыл.

ВИЧ дертіне шалдыққан бүлдіршін СПИД-ке қарсы күрес белгісінің суретін салып отыр, «Ана мен бала» орталығы, Шымкент, 30 қараша, 2010 жыл.

БҰҰ 16 шілде күні жариялаған есебі бойынша, әлемде СПИД дертіне байланысты қайтыс болған науқастар саны соңғы он жылдағы ең аз көрсеткішке түскен.

СПИД және ВИЧ дертіне шалдыққан науқастар саны 2012 жылдан бері өзгеріссіз қалып отыр. Құжатта СПИД індетіне тосқауыл қою мүмкіндігі бары жазылған, бірақ авторлар дертке жаңадан шалдыққандар саны жағынан – 2013 жылы екі миллионнан асқан – көрсеткіш бұрынғысынша өте жоғары деңгейде қалып отырғанын айтады.

БҰҰ есебінде 2030 жылға қарай осы дерт себепші болатын кісі өлімі мен ауруды жұқтыратындар саны 90 пайызға азайту міндеті қойылған. БҰҰ-ның бағалауы бойынша, 2012 және 2013 жылдары ВИЧ дертімен өмір сүріп жатқандар саны 35 миллион болған. СПИД дертіне байланысты қайтыс болғандар саны 2004 жылы шарықтау шегіне жеткен: әлемде 2,4 миллион адам осы аурудан көз жұмған еді.

XS
SM
MD
LG