Accessibility links

Сот Голландияны 300 адамның өліміне айыпты деп таныды


Сребреницада қаза болғандардың туыстары сот шешімін естіп шыққан соң. Гаага, 16 шілде 2014 жыл.
Сребреницада қаза болғандардың туыстары сот шешімін естіп шыққан соң. Гаага, 16 шілде 2014 жыл.

Нидерланд соты 1995 жылы Сребреницада (Сербия) қырғынға ұшыраған 300 мұсылманның өліміне Голландия үкіметі жауапты деп тапты.

Гаага трибуналының шешімі бойынша, Сребреницада голландиялық бітімгерлік күштері босниялық серб әскерилеріне тапсырған соң өлтірілген 300 адамның отбасына Нидерланд үкіметі өтемақы төлеуі тиіс.

Босниялық серб күштерінің әскери қылмыстар жасағаны туралы деректер болғандығына қарамастан 1995 жылы 13 шілде күні оларға тапсырылған мұсылман ер азаматтарын ажал күтіп тұрғанын БҰҰ бітімгершілік батальоны түсінуі тиіс еді деді судья Лариса Алвин.

«Бұл адамдарды депортациялауға болысу арқылы бітімгерлер заңсыздыққа барды» деді ол.

Бұдан 19 жыл бұрын Сребреницада генерал Радко Младич басқарған босниялық сербтердің әскери күші 8 мыңға жуық мұсылман ер азаматтарын қырып тастаған еді.

Боснияда 1992 - 1995 жылдар аралығында болған соғыс барысында 100 мыңнан аса адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG