Accessibility links

Мәскеуде метродағы апат құрбандарының саны 23 адамға жетті


Мәскеу метросындағы апаттан соң уақытша жабылған бекет. (Көрнекі сурет)

Мәскеу метросындағы апаттан соң уақытша жабылған бекет. (Көрнекі сурет)

Мәскеу метросындағы апат кезінде ауыр жарақат алған ер адам сәрсенбі күні қаладағы 31-ауруханада қайтыс болғаны туралы хабарланды. Осылайша, апаттан құрбан болғандар саны 23 адамға жетіп отыр.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин Арбат-Покров метро желісінің апат болған тұсы арқылы жұманың кешіне дейін қозғалыс болмайтындығы туралы мәлімдеді. Қазір 350-дей адам метро тоннелінің бүлінген жерін қайта қалпына келтіру жұмыстарын атқарып жатыр. Тергеушілер оқиға болған жерді зерттеп жүр.

15 шілде күні таңертең Мәскеуде «Парк Победы» және «Славянский бульвар» метро бекеттері арасында кетіп бара жатқан үш вагон жолдан шығып кетіп, апатқа ұшыраған еді. Соңғы деректер бойынша, төтенше оқиғадан зардап шеккендер саны 200 адамнан асқан.

Ресей тергеу комитетінде метродағы апатқа жол бұрушы механизмдегі ақау себеп болған деп санайды. Апатқа байланысты Мәскеу метрополитенінің екі қызметкері ұсталғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG