Accessibility links

Алматыда кітапхана қасындағы құрылыс жайлы сот басталды


Балалар кітапханасы маңындағы «заңсыз құрылысқа қатысты» көшпелі сотқа қатысуға келгенджер. Алматы, 17 шілде 2014 жыл.
Балалар кітапханасы маңындағы «заңсыз құрылысқа қатысты» көшпелі сотқа қатысуға келгенджер. Алматы, 17 шілде 2014 жыл.

Бейсенбі күні Алматы қаласында Сапарғали Бегалин атындағы балалар кітапханасына қарама-қарсы жерде жүріп жатқан кафе-бардың құрылысына қатысты алғашқы көшпелі сот отырысы өтті.

Шағым беруші жақ - құрылыс маңындағы үйлердің тұрғындары судья Гүлжан Оңланбековаға құрылыс иесі «Қамқор-центр» компаниясының экологиялық талаптарды сақтамайтынын, қатты дыбыстар пен қоқыстан ығыр болғанын айтты. Олар соттан құрылысты мүлде тоқтатуды сұрап отыр.

Ал компания өкілдері құрылыс салуда барлық талаптарды сақтап, заңға сәйкес әрекет етіп отырғанын айтты. Судья Гулжан Оңланбекова екі жақтың уәжін тыңдап болған соң келесі сот отырысын шілденің 31-іне белгіледі.

Бейсенбі күнгі сотқа мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органы өкілі келгенімен, даулы мәселеге байланысты түсініктеме беруден бас тартты.

Бүгін алғаш рет осы азаматтық іске қатысты барлық тараптан өкілдер қатысты. Тұрғындардың айтуынша, бұған дейін бес-алты мәрте сот процесіне жиналғанымен, компания өкілдері немесе мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органы өкілдері келмеген.

XS
SM
MD
LG