Accessibility links

Украина ұшақ апатына қатысты аудиожазбаларды жариялады


Апатқа ұшыраған ұшақ қалдығы. Донецк. 17 шілде, 2014 жыл.

Апатқа ұшыраған ұшақ қалдығы. Донецк. 17 шілде, 2014 жыл.

Украина арнайы қызметі Малайзия ұшағы апатына сепаратистердің қатыстылығын қуаттайтын аудиожазбаны жариялады

Украина билігінің мәліметінше, бірінші аудиожазбада сепаратистердің командирі Ресей әскери барлауы офицеріне өздерінің ұшақты атып түсіргенін хабарлағаны жазылған. Екінші аудиожазба бойынша апат орнында болған екі жасақ шабуылды сол жерден 25 шақырым қашықтықта орналасқан әскери топтың жасағанын айтады.

Әзірге бұл мәліметтерді тәуелсіз бұлақтар растай қойған жоқ.

Украина ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Валентин Наливайченко "Біз осы қылмысқа барған Ресей әскерилері жазалану үшін бүкіл мүмкіндікті жасаймыз" деген.

Кеше Малайзияның Malaysia Airlines әуе компаниясына тиесілі Boeing 777 ұшағы белгісіз зымыран шабуылына ұшырап, Украинаның Донецк облысындағы Торез қаласы маңына құлады.

Амстердамнан Куала-Лумпурға 10 километр биіктіктегі халықаралық әуе коридорымен ұшып бара жатқан ұшақ Ресей әуе кеңістігі аумағына кіруге 50 километр қалғанда апатқа ұрынған. Жергілікті уақыт бойынша сағат 16:20 кезінде ұшақ байланыстан ажырап қалған.

XS
SM
MD
LG