Accessibility links

Украина президенті ұшақ апатына байланысты көңіл айтты


Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 17 шілде 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 17 шілде 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко Малайзияның Boeing 777 ұшағы апатынан қаза тапқан азаматтардың жақын туыстарына көңіл айтты. Ол ұшақтың құлауына сепаратистерді кінәлап, бұл оқиғаны «терроризм» деп мәлімдеді. Порошенконың айтуынша, "бұл апат – терроризмнің әлемдік мәселеге айналғанының тағы бір дәлелі".

Украина президентінің мәлімдемесі оның ресми сайтында жарияланды. Порошенко апаттың себебін тексеретін коммиссия құрылғанын, оның құрамына Халықаралық азаматтық авиация қауымдастығының және Малайзия, АҚШ, Нидерланд мамандарының кіретінін мәлімдеді.

Порошенко апат орнынан табылған Boeing 777 ұшағының «қара жәшігін» Мәскеуге жіберуге қарсылық білдіріп, "сепаратистердің апат себебін жасыруға тырысуы мүмкін" екенін мәлімдеді.

Бұған қоса, ол Ресейдің басқыншылық әрекеттері мен бұл елдің аумағынан Украина ұшақтарына жасалып жатқан шабуылдарды айтыптады.

Malaysia Airlines компаниясының ұшағы 17 шілде күні Донецк облысында апатқа ұшырап, ұшақтағы 298 адам қаза тапты. Оның ішінде 100 шақты жолаушы Мельбурнде (Австралия) өтуі тиіс СПИД-ке қарсы халықаралық конференцияға кетіп бара жатқан.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG