Accessibility links

Ұшақ апатына қатысты БҰҰ отырысы өтеді


БҰҰ отырысы. (Көрнекі сурет)
БҰҰ отырысы. (Көрнекі сурет)

Бүгін, 18 шілде Нью Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі малайзиялық ұшақтың Украинадағы апатына байланысты кезектен тыс отырыс өткізеді.

Malaysia Airlines компаниясы апатқа ұшыраған ұшақтың ішінде болған жолаушылардың қай елдің азаматы екенін жариялады. Олардың мәліметінше, бортта Нидерландтың - 157, Австралияның - 27, Малайзияның - 43 (15-і экипаж мүшелері), Индонезияның - 12 , Ұлыбританияның - 9 және Германия, Бельгия, Филиппин, Канада азаматтары болған. 41 адамның азаматтығы анықталған жоқ.

Ұшақтағы жүз жолаушы Мельбурнде өтетін СПИД-ке қатысты халықаралық конференцияға бара жатқан.

Малайзия премьер-министрі Ниджаб Разак бұл оқиғаны Малайзия үшін «қайғылы жылдағы тағы бір қайғылы күн» деп бағалады.

Бұған дейін, 8 наурыз күні Malaysia Airlines компаниясының Куала-Лумпурден Пекинге ұшып шыққан лайнері із-түссіз жоғалып кеткен еді. Бортында 239 адам болған ұшақ сол күйі табылған жоқ.

XS
SM
MD
LG