Accessibility links

Газа секторында тағы 12 адам қаза тапқан


Газа секторындағы атыс. 17 шілде 2014 жыл.
Газа секторындағы атыс. 17 шілде 2014 жыл.

17 шілдеде Газа секторындағы операциялар кезінде 11 палестиналық және бір израильдік солдат қаза тапқан.

Израиль әскері палестиналық ХАМАС тобының Израиль аумағын ракеталармен атқылауын тоқтатуға тырысып жатыр. 8 шілдеден бері Израиль ХАМАС қарулы күштеріне әуеден соққы жасаған еді. Ал 17 шілде күні екі жақ халықаралық ұйымдардың өтініші бойынша шабуылдарды тоқтатты. Халықаралық ұйымдар шабуыл тоқтаған бірнеше сағаттың ішінде Газа секторындағы халыққа азық-түлік, жеке гигиена заттарын жеткізген.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Израиль үкіметін қарапайым халықты қорғауға шақырды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесіп, әскери шабуылдар кезінде абай болуға шақырған.

ХАМАС басшылығы Израильдің әуе шабуылдарын сынап, одан қарапайым халық зардап шегіп жатқанын айтты. 8 шілдеден бері Газа секторын бақылауға алған ХАМАС тобының өкілдері әуе шабуылдарынан 260 палестиналық қаза тапқанын, оның көбі қарапайым тұрғындар екенін айтты.

XS
SM
MD
LG