Accessibility links

ЕҚЫҰ: Ресейшілдер ұшақ апатын тексеруге бөгет жасады


Малайзия жолаушылар ұшағы құлаған жерде жүрген құтқарушы. Украина, Донецк облысы, 18 шілде 2014 жыл.

Малайзия жолаушылар ұшағы құлаған жерде жүрген құтқарушы. Украина, Донецк облысы, 18 шілде 2014 жыл.

Украинаның шығысындағы жолаушылар ұшағы құлаған апат орнына барған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) 30 адамдық бақылаушылар тобына 18 шілде күні ресейшіл сепаратистер бөгет жасаған.

ЕҚЫҰ баспасөз хатшысы Майкл Боцюркив "Бақылаушыларымызды дөрекі әрі біліксіз, соған қарамастан қаруланып алған адамдар қарсы алды. Олардың кейбірі тіпті арақ ішіп алған сияқты көрінді" дейді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 18 шілде күні шұғыл отырыс өткізіп, тараптарды "халықаралық бақылаушыларға ұшақ апатын толық әрі жан-жақты тексеруге мүмкіндік беруге" шақырды.

19 шілде күні халықаралық бақылаушылар апат орнына тағы барып көреді.

Малайзияның Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағы 17 шілде күні Украинаның шығысында, Ресей әуе кеңістігіне 50 километр қалғанда, Луганск және Донецк облыстарының шекарасында апатқа ұшырады. Бортындағы үш жүзге тарта адам түгел қаза тапты.

Малайзия ұшағының апатына сепаратистер Украина әскерін айыптаса, Украина билігі сепаратистерді кінәлайды.

XS
SM
MD
LG