Accessibility links

Сирияда содырлар қолынан 270 кісі қаза тапты


"Ирак және Шам ислам мемлекеті" (ИШИМ) ұйымының содырлары деп жарияланған сурет.

"Ирак және Шам ислам мемлекеті" (ИШИМ) ұйымының содырлары деп жарияланған сурет.

17 шілде күні Сирияның орталық ауданындағы газ кенішін содырлар басып алды. Кенішті басып алу кезінде олар 270 адамды (жұмысшылар мен күзетші, солдаттарды) өлтіріп тастаған.

Халықаралық бақылаушылар бұл содырлардың "Ирак және Шам ислам мемлекеті" (ИШИМ) ұйымы өкілдері екенін айтады.

Ұлыбританияда орналасқан Сириядағы адам құқықтары ахуалын бақылау тобы "19 шілде күні кеніштегі адамдарды мерт қылғандар - "Әл-Қаида" ұйымының бірі бөлігі" деп хабарлады.

Сирия мемлекеттік ақпарат құралдары шабуыл туралы ақпарат таратпай отыр.

Сириядағы адам құқықтары ахуалын бақылау тобы бұл елде азамат соғысы басталғалы 170 мың адамның қаза тапқанын айтады. Сириядағы қақтығыстар 2011 жылы бейбіт шеруден басталған еді. Шеруге Сирия президенті Башара Асад үкіметінің әскері оқ атқан.

XS
SM
MD
LG