Accessibility links

Киев: Ресейшілдер ұшақ апаты айғақтарын жоймақ


Malaysia Airlines компаниясының ұшағы құлаған жерді көруге келген әйел. Украина, Донецк облысы, 19 шілде 2014 жыл.

Malaysia Airlines компаниясының ұшағы құлаған жерді көруге келген әйел. Украина, Донецк облысы, 19 шілде 2014 жыл.

19 шілде күні Украина үкіметі "террористер Ресей көмегімен Малайзия ұшағы құлаған жердегі халықаралық қылмыстың айғақтарын жоюға тырысып жатқанын ресми түрде мәлімдейміз" деген хабарлама таратты.

Мәлімдемеде "сепаратистер қаза тапқан 38 жолаушының денесін Донецк мәйітханасына апарғаны, "орыс тілінде сөйлейтін" мамандардың мәйіттерді өз беттерінше зерттейтіндерін айтқаны" жазылған.

Ресейшіл қарулы сепаратистер 18 және 19 шілде күні ЕҚЫҰ бақылаушыларын апат орнына жібермей қойған. Сепаратистердің 19 шілде күні ұшақ апатының себептерін зерттеу мақсатында Киевке жеткен Малайзия мамандарын да апат орнына өткізбегені айтылды.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тараптарды "халықаралық бақылаушыларға апатты тексеруге мүмкіндік жасауға" шақырды.

XS
SM
MD
LG