Accessibility links

Мәскеу мэрі метродағы апат себебін айтты


Құтқарушылар метродағы апаттан зардап шеккендерді тікұшаққа салып жатыр. Мәскеу, 15 шілде 2014 жыл.
Құтқарушылар метродағы апаттан зардап шеккендерді тікұшаққа салып жатыр. Мәскеу, 15 шілде 2014 жыл.

Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собянин осы аптада Ресей астанасында метрода болған апатқа техникалық ақау емес, метрополитен қызметкерлерінің кейбірінде тәртіп жетіспеушілігі себеп болған деп мәлімдеді.

15 шілде күні Мәскеудегі Арбат-Покров метро линиясындағы «Парк Победы» және «Славянский бульвар» бекеттері арасында жолаушылар пойызының үш вагоны жолдан шығып кеткен еді. Апат салдарынан 23 адам қаза тауып, 270-тан аса адам жараланған. Зардап шеккен 138 адам ауруханада жатыр, олардың 19-ның жағдайы ауыр деп хабарланды.

Бұған дейін Ресей тергеу комитеті метродағы апатқа «жол бұрушы механизмдегі ақау» себеп болғанын айтып, апатқа байланысты Мәскеу метрополитенінің екі қызметкері ұсталғанын хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG