Accessibility links

Ұшақ құлаған жерден 196 адамның сүйегі шығарылды


ЕҚЫҰ сарапшылары, журналистер мен сепаратистер малайзиялық ұшақ апаты құрбандарының денелері салынған қаптардың жанында тұр. Донецк облысы, Украина, 19 шілде 2014 жыл.

ЕҚЫҰ сарапшылары, журналистер мен сепаратистер малайзиялық ұшақ апаты құрбандарының денелері салынған қаптардың жанында тұр. Донецк облысы, Украина, 19 шілде 2014 жыл.

Малайзиялық жолаушылар ұшағы құлағанда қаза тапқан 190-нан аса адамның сүйегі Донецк облысындағы ұшақ құлаған аймақтан шығарылды. 17 шілде күні құлаған ұшақта болған 298 адам түгелдей опат болған еді.

Украина және ресейлік баспасөз құралдары апат орнынан кемінде 196 адамның сүйектері шығарылғаны туралы хабарлады. Кейбір дереккөздері құрбандардың сүйектері нақты қайда жеткізілгені жайлы айтпайды. Теміржолшыларға сілтеме жасаған Reuters агенттігі, құрбан болғандардың кейбірінің сүйектері ұшақ құлаған орыннан 15 километр жердегі Торез теміржол бекетінде тоңазытқыш вагондарға салынғаны туралы хабарлады.

Украина төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Наталья Быстро осы мекеме қызметкерлері мен сепаратистер бірлесіп 196 адамның денесін апат орнынан басқа жаққа көшіргенін растады. Бірақ, оның айтуынша, сүйектерді белгісіз жаққа алып кеткен.

Ресейлік «Россия-24» телеарнасы құрбан болғандардың сүйектері Донецк қаласындағы мәйітханада деп хабарлады.

XS
SM
MD
LG