Accessibility links

Газада ондаған адам қаза тапты


Газадағы әуе соққысынан қираған тұрғын үй. 19 шілде 2014 жыл.
Газадағы әуе соққысынан қираған тұрғын үй. 19 шілде 2014 жыл.

Жексенбі күні Газа секторында жалғасып жатқан әскери операция барысында кемінде 87 палестиндік және 13 израильдік мерт болған. Олардың көбі Израиль армиясының шекарадағы Шиджаия ауданында бірнеше сағатқа созылған шабуылы кезінде қаза тапқан. Кейбір деректерге қарағанда, кемінде 60 бейбіт тұрғын өлген.

Палестин билігі Газа секторындағы екі аптаға жуық уақыт жалғасып жатқан қарулы қақтығыстар барысында 425 адам қаза тауып, екі мың адам жараланғанын мәлімдеді. Израильдің 18 сарбазы мерт болып, ХАМАС қозғалысының зымыран соққысынан бір бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Ұрыс болып жатқан аудандарды тұратын ондаған мың палестиндік баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған. Вашингтонда сөйлеген сөзінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Израильдің Газа секторында операция жүргізу құқына қолдау білдіріп, ХАМАС қозғалысын атысты тоқтату жайлы Египеттің бастамасымен жасалған ұсынысты дереу қабылдауға шақырған.

XS
SM
MD
LG