Accessibility links

Ұшақ құлаған жерге Голландия мамандары барады


Малайзиялық жолаушылар ұшағы құлаған жерде жүрген адамдар. Донецк облысы, Украина.
Малайзиялық жолаушылар ұшағы құлаған жерде жүрген адамдар. Донецк облысы, Украина.

Украинаның шығысындағы малайзиялық жолаушылар ұшағының бөлшектері құлаған жерге бүгін Голландиядан сарапшылар тобы келмек. Осы апаттан 192 азаматы мерт болған Нидерланд елінің премьері Марк Рютте мамандар қаза тапқандарды анықтау ісіне жәрдемдесетінін мәлімдеді. Ол опат болған отандастарының сүйектерін туған еліне жеткізу басымды міндет екенін айтты.

Ресейшіл сепаратистердің құлаған ұшақта қаза тапқан 196 адамның сүйектерін тоңазытқыш вагондарға салғаны туралы хабарланды. Украина вице-премьері Владимир Гройсман марқұмдардың сүйектері ұшақ құлаған орыннан 250 километрдей жердегі Харьков қаласындағы зертханаға жіберілетіні туралы ақпаратты растады.

Украина төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, барлығы 251 адамның денелері мен ондаған сүйек бөлшектері табылған. Апат болғанына үш күн өтсе де тергеушілердің ұшақ құлаған жерде бөгетке кезігіп отырғаны айтылады.

XS
SM
MD
LG