Accessibility links

Путин ұшақ апаты жайлы айтты


Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO — International Civil Aviation Organization) сарапшылары Украинаның шығысында малайзиялық жолаушылар ұшағы құлаған жерге тексеру жұмыстарын жүргізуге баруы үшін гуманитарлық дәліз ашып, олардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуге шақырды.

Украина жеріне құлаған ұшаққа қатысты бүгін Кремль сайтында жарияланған ақпаратта Владимир Путин бұл оқиғаны маусымның соңында Украинаның шығысында үкімет күштері мен сепаратистер арасындағы атысты тоқтату туралы келісімнің сақталмауымен байланыстырады. Украина президенті атыс тоқтатылатынын біржақты түрде жариялағанымен, арада 10 күн өткенде сепаратистер ол талапты орындаудан бас тартқан соң екі тарап арасындағы ұрыстар қайта жалғасқан еді.

Владимир Путин Украинадағы қарулы жанжалдың бейбіт келіссөздерге өтуі үшін Мәскеу барлық күш-жігерін салады деп уәде етті. Сонымен бірге Ресей президенті қайғылы оқиғаны «саяси мақсаты үшін пайдалануға» ешкімнің құқығы жоқ екендігін айтты.

17 шілде күні Украинаның Донецк облысында құлаған жолаушылар ұшағын жерден әскери зымыранмен атып түсірген деген болжам да бар. Ұшақтағы 300-ге тарта адам түгел қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG