Accessibility links

Нидерланд консулдығына көңіл айтып келіп жатыр


Нидерланд консулдығы алдындағы гүл шоғы. Алматы, 21 шілде 2014 жыл.
Нидерланд консулдығы алдындағы гүл шоғы. Алматы, 21 шілде 2014 жыл.

Алматыда жұртшылық өкілдері Украинаның Донецк облысында құлаған ұшақ апатынан 192 азаматы қаза тапқан Нидерланд консулдығына көңіл айтып, гүл шоқтарын әкеліп жатыр.

Бүгін консулдық ғимаратына азаматтық белсенділер Мұхтар Тайжан мен Айдос Сарым гүл шоқтарын қойды. Бұл жерде өткен жұмадан бері Алматы тұрғындары әкелген гүлдер жатыр. Бұған дейін Қазақстан ақпарат агенттіктері жолаушылар ұшағы апаты құрбандарын еске алған жұртшылық өкілдері Астанадағы Нидерланд елшілігі жанына да жұртшылық гүл шоқтарын әкелген туралы хабарлаған еді.

Мalaysia Airlines әуе компаниясының Boeing 777 жолаушылар ұшағы 17 шілде күні Украинаның шығысында Донецк облысындағы Торез елдімекені маңына құлаған еді. Ұшақта болған 298 адамның барлығы қаза тапты. Ұшақта Австралия, Бельгия, Германия, Индонезия, Канада, Малайзия, Нидерланд пен Ұлыбритания азаматтары болған.

Жолаушылар ұшағын жерден әскери зымыранмен атып түсірген деген болжам айтылып отыр.

XS
SM
MD
LG