Accessibility links

«Жиһадшылар» видеосы жайлы Азаттық мақаласы ашылмай тұр


«Сириядағы қазақ жиһадшылары» туралы «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде жарияланған видеодан скриншот.
«Сириядағы қазақ жиһадшылары» туралы «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде жарияланған видеодан скриншот.

Азаттық сайты оқырмандары 21 шілде күні таңертеңнен бері сайттағы Сириядағы "жиһадшы қазақтар" туралы кезекті видео туралы мақаланың орысша нұсқасы ашылмай тұрғанын хабарлады.

Азаттық тілшілері аталған мақаланы тек мобильді байланыс құралдары, сонымен бірге прокси-серверлер арқылы ғана ашып оқуға болатындығына көз жеткізді. Қазір редакция материалдың ашылмай қалу себептерін анықтап жатыр. Бұл мақаланың қазақ тіліндегі нұсқасы сайттан әдеттегідей еркін ашылып тұр.

Жексенбі күні сайтымызда жарияланған мақалада өздерін "Сирияда жүрген жиһадшылармыз" деп таныстырып, қолдарына қару ұстаған бір топ адамның видеосы интернет арқылы тарап жатқаны туралы жазылған еді.

Бұған дейін, биыл сәуір айында Алматыда "Антиеуразиялық форум" өткенде және мамыр айында Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь басшылары экономикалық одақ келісімін бекіткен күні Азаттық вебсайтының кей мақалалары Қазақстан аумағынан ашылмай қалған еді.

Азаттық құлыпталған сайтты ашудың қарапайым төрт тәсілі жайлы мына жерден танысуға болатынын оқырмандар қаперіне салады.

XS
SM
MD
LG