Accessibility links

Донбаста 35 сепаратист ұсталғаны хабарланды


Украина сарбазы мен әскери техникасы. (Көрнекі сурет)

Украина сарбазы мен әскери техникасы. (Көрнекі сурет)

Донбаста қарулы ресейшіл сепаратистерге қарсы операцияға қатысып жатқан украиналық әскерилер аймақтағы бірнеше елдімекенді бақылауына алғаны хабарланды. Антитеррорлық операциялар штабының хабарлауынша, Луганск және Донецк облыстарында үкімет күштері сепаратистерді қоршауға алған.

Соңғы тәулікте Украина әскері қолға түсірген 35 адамның 23-і – Ресей азаматтары деп хабарлады Украина президенті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған УНИАН сайты.

Сепаратистер үкімет күштерінің позициясына оқ атып, қарулы қарсылық көрсетіп жатқаны айтылады. Әсіресе Донецк, Луганск, Краснодон қалалары мен шекаралық аймақтарда күрделі жағдай қалыптасып отырғаны айтылады.

XS
SM
MD
LG