Accessibility links

Донецк жұртына үйден шықпауды ескертіп жатыр


Донецкінің орталық көшелерінің бірі. 17 шілде 2014 жыл.

Донецкінің орталық көшелерінің бірі. 17 шілде 2014 жыл.

Бүгін таңертеңнен бері Донецк қаласында ұрыстар жүріп жатыр деп хабарлады қала мэриясына сілтеме жасаған «Украинская правда» сайты.

Ұрыс болып жатқан аудандардың тұрғындарынан көшеге шықпауларын сұрады. Артиллериялық соққы салдарынан тоғыз қабатты тұрғын үй бүлінген. Темір жол вокзалы жанындағы базар өртенген. «Западный» автовокзалы жабық тұрғаны айтылады. Қалада жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік қозғалысы азайған. Әуежай жақтан атыс пен жарылыс дыбыстары естілген. Құрбан болғандар туралы әзірше айтылған жоқ.

Бұған дейін Украина әскерилері сепаратистерді Луганск жағынан кесіп тастап, Горловка мен Донецк маңында қоршауға алғаны туралы хабарланған еді. Сонымен бірге Донецк әуежайы аймағы біртіндеп үкімет күштерінің бақылауына өте бастағаны айтылады.

XS
SM
MD
LG