Accessibility links

АҚШ алқа соты Тәжаяқовты айыпты деп таныды


Солдан оңға: Азамат Тәжаяқов, Диас Қадырбаев және Джохар Царнаев. (Диас Қадырбаевтың "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан алынған сурет).

Солдан оңға: Азамат Тәжаяқов, Диас Қадырбаев және Джохар Царнаев. (Диас Қадырбаевтың "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан алынған сурет).

Бостон марафоны кезіндегі жарылысты тексеру ісінде күдікті болған қазақстандық студент Азамат Тәжаяқов шілденің 21-і күнгі сотта терактіні тексеруге кедергі келтірген деп танылды дейді прокурорға сілтеме жасаған Boston Globe газеті сайты. Басылымның жазуынша, ақтық шешім қазанның 16-сы күні шығады.

Boston Globe басылымы Азамат Тәжаяқовқа тергеуге кедергі келтіргені үшін ең ауыр 20 жылдық түрме жазасы, сөз байласқаны үшін 5 жылға дейін абақты жазасы кесілуі мүмкін екенін жазады. Ал британиялық Guardian оның бес жылға дейін сотталып, 250 мың доллар айып төлеуі мүмкін екенін болжайды.

Бостон қаласының өлкелік сотындағы сот алқасы Массачусетс университетінің бұрынғы студенті, 20 жастағы қазақстандық Азамат Тәжаяқовты бұл қалада 2013 жылы сәуірдің 15-інде марафон кезінде болған, үш адамды мерт етіп, 260-тай адамды жаралаған жарылысқа қатысты соттады.

АҚШ тергеушілері Азамат Тәжаяқов пен тағы бір қазақстандық студент Диас Қадырбаевты айғақ заттарды жойып, терактілерді тексеруге кедергі келтірген деп айыптайды. Тергеу мәліметінше, жарылыстан соң үш күннен кейін басты күдікті Джохар Царнаевтың Массачусетс университетінде танысқан достары Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев оның пиротехника салынған рюкзагы мен ноутбугінен құтылған.

Диас Қадырбаевқа байланысты қыркүйекте басталатын сот процесі бөлек өтеді.

XS
SM
MD
LG